Алкоголь
Алкогольдің адам денсаулығына әсері
Алкоголь мен адам денсаулығы - үйлеспейтін нәрселер
Этил спирті - улы есірткі зат.
Алкогольдің құрамында мынадай улы қоспалар бар: эфирлер, альдегидтер, сивуш майлары, бос қышқылдар. Спиртті ішімдіктер өзі жанасатын дененің барлық жасушаларынан суды тартып алады.
Ішімдік қанға түседі де, адам мас бола бастайды. Ішке қабылданған алкогольдің шамамен 90%-ы асқазанның шырышты қабатына сіңеді. Алкоголь орталық жүйке жүйесін бұзады. Ол жүйке жасушаларының ішіне еніп, олардың қызметін өзгертеді. Маскүнемдікпен ауыратын әрбір екінші адамның жүрек-қантамыр жүйесі зақымдалған.
Алкоголь ұйқы безін зақымдайды, бауырға, асқазанға, өңешке әсер етеді.
Алкогольден бәрінен де қатты адамның миы зардап шегеді.
Алкоголь қандағы эритроциттерді жабыстырады, бұл тромбтардың түзілуіне әкеледі.
Жүз грамм арақ 8 000 ми жасушасын өлтіретіні дәлелденген. Нәтижесінде мидың көлемі кішірейеді, онда тыртықтар мен жаралар пайда болады, қан құйылулар мен қуыстар да болуы мүмкін.
Ішімдіктің ең күшті әсері ми қыртысына түседі. Бұдан жоғары жүйке жүйесі зардап шегеді. Мас адам қиын ойлайды және шешім қабылдауы қиындайды.
Алкогольдің адам ағзасына әсері
Спиртті ішімдік ішетін адамның ағзасы ішпейтін сау адамның ағзасына қарағанда бірнеше есе тез тозады. Спиртті ішімдіктер ешбір ерекшеліксіз барлық жүйелер мен ағзаларға әсер етеді, иммунитетті әлсіретеді, жиі ауруларға әкеледі.
Алкогольдің зияны
Ішетін адамдардың 45%-ы инфаркттан қайтыс болады. Өз-өзіне қол жұмсайтын ішкіштердің үлесі де аз емес. Ажал ішімдікті үнемі қабылдаудан туындайтын аурулардан да келеді. Алкоголь қылмыстық сипаттағы әрекеттерге, ойланбай жасалған қылықтарға итермелейді.
Алкоголь потенциямен де тығыз байланысты. Ішімдік қарама-қарсы жынысқа деген құштарлықты және жыныстық белсенділікті төмендетеді.
Ұзақ уақыт ішіп жүрген көптеген маскүнемдерді өмірдің көп мәселесі енді қызықтырмайды, олар үшін бір ғана нәрсе маңызды - ішетін нәрсені қайдан табу!
Денсаулығыңызды сақтаңыз! Ішпеңіз! Ішімдіктен мүлдем бас тартыңыз!
Сұрақтарыңыз қалды ма?
Тіркеу бөлімі сұрағыңызға телефон арқылы жауап береді.
+7 (727) 387-66-68Дс-Жм: 8:00-ден 17:00-ге дейін Сб: 9:00-ден 13:00-ге дейін