Мазмұнға өту
Боралдай кентінің емханасы · МӘМС және ТМККК Боралдай кенті, Бостанов көшесі, 1 үй +7 (727) 387-66-68 +7 (727) 387-85-47
RU KK
Кері қоңырау

МСАК деңгейіндегі пациент маршруты

МСАК деңгейінде скринингтен өту кезіндегі пациент маршруты

Балалар скринингі (0-18 жас)

Скринингтің бірінші кезеңі дәрігерге дейінгі кабинетте өтеді: мейіргер мейіргерлік анамнез жинайды, дәрігерге дейінгі мейіргерлік тексеру жүргізеді, антропометриялық көрсеткіштерді, 7 жастан асқан балалардың артериялық қысымын өлшейді, медициналық құжаттаманы ресімдейді.

Балалар скринингінің екінші кезеңі - педиатриялық. ЖТД немесе педиатр тері жабындарын, бастың шашты бөлігін және шырышты қабаттарды қарайды, шеткі лимфа түйіндерін, қалқанша безді және іш қуысы ағзаларын пальпациялайды, жүрек пен тыныс алу ағзаларын аускультациялайды.

Балалар скринингінің мамандандырылған кезеңі - көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың тексеруі: офтальмолог, невролог, эндокринолог, хирург-ортопед, кардиолог, оториноларинголог және басқа бейінді мамандар.

Қорытынды кезең - патологиясы анықталған адамдарды қосымша тексеру және диспансерлік есепке алу, медициналық құжаттаманы ресімдеуді аяқтау.

Скринингтік тексеру аяқталғаннан кейін «денсаулық топтарын» анықтай отырып, балалардың денсаулық жағдайына кешенді баға беріледі.

МСАК деңгейінде балаларды скринингтен өткізу кезіндегі пациент бағытының сызбасы

Ересек халық скринингі (30-70 жас)

30-70 жастағы ерлер мен әйелдер артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, онкопатологияны ерте анықтауға арналған скринингтен өтеді; жатыр мойны обырына, полипозға, тоқ ішек обырына байланысты диспансерлік есепте тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдер де скринингтен өтеді.

Скрининг аяқталғаннан кейін ЖТД/терапевт кешенді баға беріп, қауіп тобына жататындарды профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің мамандарына және МСАК жанындағы СӨС клубтарына, сондай-ақ (көрсетілімдер бойынша) бейінді маманға жібереді.

МСАК деңгейінде ересектерді скринингтен өткізу кезіндегі пациент бағытының сызбасы

Созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылау кезіндегі пациент маршруты

Диспансерлік есепте тұрған созылмалы аурулары бар пациенттерді динамикалық бақылауды ЖТД/терапевт, педиатр жүргізеді.

Дәрігер пациентті қарап, диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін бағалайды, мультидисциплинарлық топ мамандарымен бірлесіп емді түзетеді, динамикалық бақылаудың тиімділігін бағалайды, пациенттің өзін-өзі бақылаудың жеке жоспарына түзетулер енгізеді.

Созылмалы ауруларды динамикалық бақылау кезіндегі пациент бағытының сызбасы

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде жедел жағдайлар кезіндегі пациент маршруты

Жедел жағдайларда ересек пациент немесе бала МСАК тіркеу бөліміне жүгіне алады, МСАК-тың 1430 call-орталығына, сондай-ақ «103» жедел медициналық жәрдемге (бұдан әрі - ЖМЖ) қоңырау шала алады.

Пациент МСАК ұйымына жүгінгенде тіркеу бөлімі оны дәрігерге дейінгі кабинетке немесе сүзгіге, ЖТД қабылдауына жібереді. Дәрігер пациенттерді амбулаториялық жағдайда емдеуді ұйымдастырады және жүргізеді, көрсетілімдер болса, пациентті күндізгі стационарға немесе ЖМЖ бригадасын шақыра отырып тәулік бойғы стационарға жатқызады.

Шұғылдығы 4-санаттағы шақыртулар түскенде ЖМЖ бөлімшесі бригадасының мамандары үйде көмек көрсетеді.

МСАК деңгейінде жедел жағдайлардағы пациент бағытының сызбасы

Сұрақтарыңыз қалды ма?

Тіркеу бөлімі сұрағыңызға телефон арқылы жауап береді.

+7 (727) 387-66-68

Дс-Жм: 8:00-ден 17:00-ге дейін Сб: 9:00-ден 13:00-ге дейін

Қоңырау шалу Қалай жетуге болады

Кері қоңырау

Жұмыс уақытында хабарласамыз Дс-Жм: 8:00-ден 17:00-ге дейін