ЭхоКГ
Эхокардиография - жүрек пен оның қақпақша аппаратының морфологиялық және функционалдық өзгерістерін зерттеуге бағытталған УДЗ әдісі. Ол жүрек құрылымдарынан шағылысқан ультрадыбыстық сигналдарды қабылдауға негізделген.
ЭхоКГ-ға көрсетілімдер
Эхокардиография (ЭхоКГ) жүректің ишемиялық ауруында, жүрек аймағындағы себебі белгісіз ауырсынуларда, туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек ақауларында көрсетілген. Оны жүргізуге электрокардиограмманың өзгеруі, жүректегі шулар, оның ырғағының бұзылуы, гипертониялық ауру, жүрек жеткіліксіздігі белгілерінің болуы да себеп болуы мүмкін.
Эхокардиографияны диагностикалық мақсатта балалық шақта жүргізу әсіресе маңызды, өйткені қарқынды өсу мен даму барысында балада әртүрлі шағымдар туындауы мүмкін:
- ентігуге шағымданатын адамдарға
- бас айналу
- әлсіздік
- есінен тану жағдайлары
- жүректің жиі соғуы немесе жұмысындағы «іркілістер» сезімі, жүрек аймағының ауыруы және т.б.
- жүректегі шулар
Қарсы көрсетілімдер
ЭхоКГ жүргізуге абсолютті қарсы көрсетілімдер жоқ. Пациенттердің мынадай санаттарында зерттеу жүргізу қиындауы мүмкін:
- Созылмалы темекі шегушілер, бронх демікпесімен / созылмалы бронхитпен және тыныс алу жүйесінің кейбір басқа ауруларымен ауыратын адамдар
- Сүт бездерінің көлемі едәуір үлкен әйелдер және кеуде қуысының алдыңғы қабырғасы қалың түкті ерлер
- Кеуде қуысы айтарлықтай деформацияланған адамдар (қабырға өркеші және т.б.)
- Кеуде қуысының алдыңғы бетіндегі терінің қабыну аурулары бар адамдар
- Психикалық аурулармен, жоғары құсу рефлексімен және/немесе өңеш ауруларымен ауыратын адамдар (тек өңеш арқылы ЭхоКГ жүргізу үшін)
Жазылу
Нөміріңізді қалдырыңыз - әкімші жұмыс уақытында хабарласып, ыңғайлы уақыт таңдайды.
Кері қоңырауНемесе бірден: +7 (727) 387-66-68