Мазмұнға өту
Боралдай кентінің емханасы · МӘМС және ТМККК Боралдай кенті, Бостанов көшесі, 1 үй +7 (727) 387-66-68 +7 (727) 387-85-47
RU KK
Кері қоңырау

УДЗ

Бағасы
2 000 ₸ бастап
18 атау бағаларда
Қайда
8 каб., 2-корпус
Қашан
14:00–18:00, дс–жм

УДЗ (ультрадыбыстық зерттеу)

УДЗ

Ультрадыбыстық зерттеу - медицинадағы ең қолжетімді және қарапайым тексеру әдістерінің бірі. Оның іс жүзінде қарсы көрсетілімдері жоқ және оны емдеу немесе маманның бақылауы кезінде бірнеше рет қолдануға болады. Алматыда УДЗ жасату қажет болса, «Daulet medical center» емханасына жүгіне аласыз. Біздің мамандар қазіргі уақытта бар ультрадыбыстық зерттеудің барлық дерлік әдістемелерін қолданады. Барлық медициналық УДЗ-аппаратура заманауи талаптардың бәріне сай келеді.

Іш қуысының УДЗ-сы

Іш аймағындағы ауырсынудың, бауыр, көкбауыр, ұйқы безі мен бүйрек ауруларының себебін, өт қабындағы немесе бүйректегі тастарды анықтау, құрсақ қолқасының жағдайын бағалау үшін іш қуысының УДЗ-сы қолданылады. УДЗ арқылы сондай-ақ несептің, өттің ағуы бұзылуының себептері анықталады, іш қуысы ағзаларындағы ісіктер табылады.

Кіші жамбастың УДЗ-сы

Әйелдерге аналық бездердің, қуықтың, жатырдың, жатыр түтіктері мен жатыр мойнының жағдайын бағалау үшін кіші жамбастың УДЗ-сы ұсынылады. Сондай-ақ бұл зерттеу әдісі жүктілік кезінде эмбрионның дамуын бақылауда өте маңызды. Іштің төменгі бөлігіндегі кез келген түрдегі ауырсыну сезімдері немесе етеккір циклінің бұзылуы ультрадыбыстық зерттеуге көрсетілім болып табылады. Жасөспірім қыздарға бұл емшара жыныстық дамуы кешіккенде немесе мерзімінен бұрын басталғанда, іштің төменгі бөлігі ауырғанда, сондай-ақ ағзалар құрылысының аномалияларын зерттеу үшін тағайындалады.

Ерлерде УДЗ қуықасты безінің, қуықтың және ұманың ағзаларының жағдайын анықтайды.

Қалқанша бездің УДЗ-сы

Қалқанша бездің УДЗ-сы ағзаның көлемін, құрылымын, ошақтық түзілімдерді (кисталар, түйіндер) анықтауға мүмкіндік береді. Ультрадыбыстық зерттеу қалқанша бездің ең болмашы өзгерістерін анықтай алады. Ол тамақта кесек тұрғандай сезімде, жұтынудың қиындауында, жүйкенің тозуында, ұйқысыздықта, салмақ жоғалтуда, дене қызуының ұзақ көтерілуінде ұсынылады. Профилактикалық зерттеуді йод тапшылығы байқалатын өңірде тұратын 35 жастан асқан адамдарға және жақын туыстары қалқанша без ауруларымен ауыратын жағдайда жүргізу ұсынылады. Сонымен қатар бұл тексеру жүктілікті жоспарлау кезінде міндетті.

Жоғарыда аталған тексерулердің кез келгеніне жазылу үшін бос күнді таңдап, +7 (727) 387-66-68 немесе +7 (727) 387-85-47 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ бізде мыналарды жасатуға болады:

  • қуықасты безінің УДЗ-сы
  • бүйректің УДЗ-сы
  • бауырдың УДЗ-сы
  • сүт бездерінің УДЗ-сы
  • қуықтың УДЗ-сы
  • жатырдың УДЗ-сы

Бағалары: УДЗ

УДЗ кешені - бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр, бүйрек 4 500 тг.
Бүйрек және бүйрек үсті бездері 3 000 тг.
Бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр 4 500 тг.
Қуық асты безі + қуық 4 000 тг.
Кіші жамбас ағзаларының УДЗ 3 000 тг.
Қалқанша безінің УДЗ 3 000 тг.
Қуық асты безі + бүйректің УДЗ 5 000 тг.
Төменгі аяқ-қолдың УДЗ 5 000 тг.
Барлық 18 атау

Жазылу

Нөміріңізді қалдырыңыз - әкімші жұмыс уақытында хабарласып, ыңғайлы уақыт таңдайды.

Кері қоңырау

Немесе бірден: +7 (727) 387-66-68

Қатысты қызметтер

Қоңырау шалу Қалай жетуге болады

Кері қоңырау

Жұмыс уақытында хабарласамыз Дс-Жм: 8:00-ден 17:00-ге дейін